ТҮРКІСТАН: Арыстағы Байырқұм ауылына табиғи газ берілді

0
120

Жоба бойынша 506 абонент, яғни 3500-ден астам тұрғын табиғи газға қол жеткізіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы Байырқұм ауылына табиғи газ берілді

Арыс қаласындағы Байырқұм ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Түркістан облысына қарасты шалғай орналасқан ауылдарды газбен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі Арыс қаласындағы Байырқұм ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев арнайы қатысып, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті. Жалпы Байырқұм ауылына газ жеткізу мақсатында ұзындығы 24,01 шақырымдық газ құбыры тартылған. Жоба бойынша 506 абонент, яғни 3500-ден астам тұрғын табиғи газға қол жеткізіп отыр.


«Байырқұм ауылы Арыс қаласына қарасты ауылдық округтер ішінде табиғи газға алғашқы болып қосылып отырған ауыл. Енді Байырқұм ауылының тұрғындары көмір жағып, күл шығарып әуре болмайды. Алдағы уақытта Көкжиде, Жиделі, Аққала елді мекендері де кезең-кезеңімен газбен қамтылатын болады. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді», – деді қала әкімі.

Бөлісу