Бірнеше спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін Арыстық өнерлілер жалғастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс орталығы Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін Арыстық өнерлілер жалғастыруда. Фестивальдің екінші күні Этноауыл кешенінде ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Атап айтқанда спорт жанпоздары қол күрес, арқан тартыс, ләңгі тебу, қошқар көтеру, садақ ату сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Келушілерді өнерімен тәнті еткен арыстық балуан Болат Тұрсынбаев салмағы бір жарым тонна болатын автокөлікті өз үстінен жүргізіп, көпшілікті таңқалдырды.
Осылайша арыстық спортшылар Түркістан төрінде ұлттық спортты ұлықтады.