ТҮРКІСТАН: Әскери міндеттілер арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты

0
289

10 күндік жиынға шақырылған


ТҮРКІСТАН: Әскери міндеттілер арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты

Әскери міндеттілер арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


10 күндік жиынға шақырылған Сайрам ауданының 120 әскери міндеттіcі Түркістан облыстық аумақтық қорғаныс бригадасымен бірлесіп, арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.


Арнайы-тактикалық оқу-жаттығу барысында аумақтық қорғаныс бөлімшесінің жауынгерлері төтенше жағдай кезінде қорғалатын нысанға тұтқиылдан жасалған шабуылды тойтару, террористерге қарсы іс-әрекет, төтенше жағдайлардың салдарын жою секілді іс-қимылдарды пысықтады.


“Еліміз түрлі жанжалдардан аулақ болып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға қажет барлық тетіктерді пайдаланып келеді. Бірақ, ел іргесі берік болуы үшін аумақтық қорғаныс әскерлері кез келген уақытта мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын болуы мақсатында үздіксіз дайындық үстінде жүретіні анық. Бүгінгі өткізіліп отырған оқу-жаттығулар соның белгісі, – дейді аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Бейбіт Жүнісов.


Жиынға шақырылған әскери міндеттілер 10 күн ішінде әскери қызметте игерген білімдерін еске түсірумен қатар, қатаң тәртіпке, ерте тұрып, дене шынықтырумен айналысуға, уақытылы тамақтануға, уақытылы ұйқыға жатуға және азаматтық өмірде босаңсып қалған мінез-құлықтарын қайта ширата алды. Сонымен қатар, жауынгерлік дайындық кестесі бойынша теориялық сабақтарға қатысып, атыс алаңдарда практикалық оқ-ату жаттығуларын өткізді.


Жиынға қатысушылар оқу-жаттығу барысында объектілерді, коммуникацияларды күзету және халықты қорғау секілді маңызды міндеттер мен тиісті тапсырмаларды ойдағыдай орындап, ерекше көзге түскен әскери міндеттілер алғыс хаттармен марапатталды.