Мақтааралдық әйелдер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдына жиналды.
Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне атаулы әлеуметтік көмектің қорытындысын білуге келген әйелдің кезекте тұрған жерінде денсаулығы нашарлаған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл жөнінде журналис Анар Сүлеева өзінің "фэйсбук парақшасында жазды.
"Мақтаарал ауданында әлеуметтік көмек алуға келген аналардың жан айқайын еститін құлақ жоқ па? Анар апай дем жанұшыра көмек сұраған аналардың алды жедел жәрдем шақырып жатыр екен. Министр Бердібек Сапарбаев айды аспанға шығарған жаңалықтарыңның жемісін көріңіз",- деп жазады журналист.
Видеода расында ғимарат алдында тұрған жедел жәрдем көлігі байқалады. Алайда, арадан көп уақыт өтпей бұл мәселеге қатысты аудан кәмдігінің фэйсбук парақшасы ақпарат таратты.
"Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне атаулы әлеуметтік көмектің қорытындысын білуге келген ауданға қарасты Достық ауылдық округінің тұрғыны Турматова Хатира Джафиловна кезекте тұрған кезінде мазасы қашып ауырғандықтан, бөлім мамандары жедел жәрдем шақырды. Алайда, жедел жәрдем жетіп келмей жатып азаматшаның денсаулығы дұрысталған. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. 1 сәуір мен 27 мамыр аралығында аудан бойынша АӘК-ке 2239 отбасы өтініш білдіріп, оның ішінде 2127 отбасыға қаржылай АӘК тағайындалып, оның ішінде 1838 отбасыға қаржылары төленген. Жалпы атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырушылардың саны көп болғандықтан, қорытындысын білуге келген азаматтарды бөлім мамандары қабылдап үлгермей жатыр. Сондықтан, түсіністік танытып, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз",- деп жазды әкімдіктегілер.