Түркістан әуежайы арқылы 200 мыңға жуық жолаушы қатынаған

0
65

Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды.


Түркістан әуежайы арқылы 200 мыңға жуық жолаушы қатынаған

Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 8 айда 200 мыңға жуық жолаушы қатынаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды.


2024 жылдың 8 айында әуежай арқылы 197 300 жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерге – 54 900 жолаушы, ішкі рейстерге – 142 400 жолаушы ұшқан. Ал жүк тасымалы биыл 487,6 тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 есеге артқан.


Түркістан қаласынан Анталия, Самарқанд, Мәскеу, Баку, Үрімші қалаларына әуе рейстерін ашу бойынша «Fly Arystan», «Centrum Air», «Fly Khiva» әуекомпанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Астана және Алматы бағыттарына рейстер санын көбейту жоспарлануда.