ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімі топан судың ортасында қалған азаматтарды құтқарып қалған (видео)

0
633

Көлік иесі жұбайын перзентханаға босандырып алуға бара жатқан.


ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімі топан судың ортасында қалған азаматтарды құтқарып қалған (видео)

Түркістан облысында ауыл әкімі топан судың ортасында қалған азаматтарды құтқарып қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы жуналист, әлеуметтік желі белсендісі Ерқанат көпжасар өзіні инстаграмдағы парақшасына жариялады.


Оның айтуынша, су ортасындағы көліктің үстіндегі азаматтарды ауыл әкімі құтқарып қалыпты. Көлік иесі жұбайын перзентханаға босандырып алуға бара жатқан екен. Алдынан алапат тасқын шығып, қиын жағдайға тап болған.


«Әкімді халық өзі сайлады. Халық сайлаған әкім басын қатерге тігіп, беліне арқан байлап аяғы ауыр әйел мен жолдасын қайғылы жағдайдан аман алып қалыпты. Кешке ашық алаңда әкімнің өзін байланысқа қосуға тырысамыз», - делінген аталған жазбада.


Айта кетсек, облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, бұл жағдай Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылында орын алған.