ТҮРКІСТАН: Ауыл тұрғындары экоакцияға белсене атсалысып жатыр

0
263

Ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын ішкі 6 көше тазартылып, 3,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Ауыл тұрғындары экоакцияға белсене атсалысып жатыр

Түркістан облысындағы елді мекен тұрғындары «Таза Қазақстан» экоакциясына белсене атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да жұмыла атсалысуда.


Бүгін аудандағы Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Жеткіншек елді мекенінің тұрғындары тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, акцияға әрқашан үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.


Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов пен ауылдық округтің әкімі Әділ Елібаев қатысып, шараға қолдау білдірді. Жергілікті қауымдастықтың мүшесі Мадияр Бақытжан барлық тұрғындарды көше бойы мен өз аулаларын таза ұстауға шақырды.


Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған жұмыстар барысында елді мекендегі аяқжолдар мен көше бойлары ретке келтіріліп, арамшөптер оталды. Жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылды. Ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын ішкі 6 көше тазартылып, 3,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.