ТҮРКІСТАН: Ауыл тұрғындарының басты мәселесі шешімін тапты

0
905

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы іске асырылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Ауыл тұрғындарының басты мәселесі шешімін тапты

Түлкібас ауданында электр желілері жаңартылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 8,4 шақырымды құрайтын электр желілері жаңартылып жатыр. Тозығы жеткен электр бағаналары мен желіні және трансформаторды ауыстыру соңғы жылдары кент тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі болған. Бүгінгі таңда бұл мәселе шешімін тапты десек болады. Яғни, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы шеңберінде кенттің ішкі көшелерінің тозығы жеткен 8,4 шақырымды құрайтын электр желісі толығымен жаңартылып, 120 дана бағана мен қуаттылығы 400 КВ құрайтын жаңа трансформатор орнатылмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекеме «ЮгАвтоСтрой» ЖШС 40%-ға жуық жұмысты іске асырып отыр.

Айта кетейік, Түркістан облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 25 маусымындағы №25 қаулысындағы шектеулердің бірінде демалыс орындарының жұмысын эпидемиялогиялық жағдай тұрақталғанша уақытша тоқтату қажеттілігі ескерілген еді. Осы орайда Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ аудан аумағындағы демалыс орындарын арнайы аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында әр демалыс орынының иесіне облыстың бас санитарының №25 қаулысы таныстырылды. Нәтижесінде барлық кәсіпкер қаулы шектеулерімен келісіп, уақытша жұмыстарын тоқтатты.