ТҮРКІСТАН: Автогаз тапшылығын жою жұмыстары жүріп жатыр

0
863

36 газ желісі ұйымдарына өз мерзімінде сұйытылған газ жеткізілмеген.


ТҮРКІСТАН: Автогаз тапшылығын жою жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысында газ тапшылығы орын алып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы уақытта Түркістан облысында газ тапшылығы байқалды. Себебі, «Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС-і тарапынан облыстағы 36 газ желісі ұйымдарына өз мерзімінде сұйытылған газ жеткізілмеген. Яғни, облыс бойынша күнделікті қажетті 432 тоннаның орнына 216 тонна сұйытылған мұнай газы берілген. Осыған байланысты, елді мекендердегі газ құю бекеттерінде газ тапшылығы орын алған болатын.


Газ тапшылығының шешу жолдарын қарастыру мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған аудан-қалалардың әкімдіктер, «Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» ЖШС, газ желісі ұйымдарының басшылары қатысты. Жиында «Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС-ң облысқа бөлінген газ көлемін бекітілген кестеге сәйкес берілуі, «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» ЖШС вагондарды уақытылы жеткізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, өңірдегі автогаз құю бекеттеріндегі газ тапшылығын жою мақсатында сұйытылған газдың облыспен іргелес жатқан басқа аймақтарға шықпауы үшін кеден бекеттері қойылды.


Айта кетейік, аудан-қала әкімдіктері, газ желісі ұйымдарымен бірге күнделікті келген вагондардың газ толтыру станцияларына келгені, автогаз құю бекеттеріне жеткізілген көлемдері бойынша ақпараттар алып, жіті қадағалануда.