Мекеме тарапынан қысқы уақытта қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жауған қарды уақытылы тазалау, тайғақ жолдарға құм себу, тұз шашу жұмыстары жүргізіледі.
Түркістанда автомобиль жолдары қардан тазаланып, инертті материалдар себілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жыл бойы күтіп ұстау жұмыстарын «Оңтүстік жолдары» МКК-і жүзеге асырады. Мекеме тарапынан қысқы уақытта қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жауған қарды уақытылы тазалау, тайғақ жолдарға құм себу, тұз шашу жұмыстары жүргізіледі.
18-19 ақпан күндері облыстың оңтүстік өңірлеріндегі Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес, Арыс аудандарында қалың қар жауған болатын. Аталған аудандардағы облыстық маңызы бар жолдарға 600 текше метр құм мен 80 тонна тұз себілген. Сондай-ақ, қардан тазалау жұмыстарына 20 бірлік арнайы техника мен 61 жұмысшы жұмылдырылған. Бүгінгі таңда жолдарды қардан тазарту және инертті материалдарды себу жұмыстары жалғасуда.