​ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАРДА ЗАҢДЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНУІ ТИІС

0
180


​ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАРДА ЗАҢДЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНУІ ТИІС

ERNUR.KZ. Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы - облыс аумағында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.


Нәтижесінде Түркістан қаласы аумағында тиісті рұқсатсыз, яғни тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шартсыз азаматтарға жарнама жасаған 2 серіктестік анықталған. Олар қолданыстағы заң талаптарын бұзып, құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үйлерді сату мақсатында әлуметтік желілерде жарнамалар шығарумен айналысқан. Осыған орай, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 2-2 бөлігімен «SK TRANSSTROY» және «KERUEN CITY» ЖШС-ларына 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Бүгінде жарнамаларға тыйым салу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы азаматтарды сенімсіз серіктестіктергк сенбеуге шақырады.