​ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

0
1 510

Шақпақ ауылының 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады.


​ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады. Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, жергілікті көпбалалы ананы қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.

Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова сыныптастарына алғысын білдіріп,ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды. Жалпы Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар жетерлік.