ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте ​«Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өтті

0
1 554

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы С.Ерубаев мектебінде өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте ​«Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өтті

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларға жол ережесін түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа оқу жылы басталғалы республика көлемінде бір айлық «Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алған болатын. Сондықтан облысымыздағы барлық мектептерде полиция қызметкерлері жол ережесін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кезекті іс-шара Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы С.Ерубаев мектебінде өткізілді. Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер оқушыларғажолда жүру, су және өрт қаупінен сақ болу және ережелерімен таныстыру жұмыстарын атқарып, тәжірибе жүзінде көрсетті.

Негізгі мақсат – оқушыларды көшеде дұрыс жүріп-тұруға, жол ережесін, су және өрт қауіпсіздігін бұзбауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке бағыттау, ой-өрісін, дүниетанымын дамыту болды.

Жалпы алғанда, жолда жүру ережесін сақтау, бұлжытпай орындау барлығымызға міндеттелген. Бұл заңдылықтар кәрі-жасымызға да, көлік жүргізушілеріне де қатысты. Аталған мектепте өзгелердің де, өзіміздің де өміріміз бен денсаулығымызға қауіп төндірмеу үшін міндеттелген ережені мүлтіксіз орындап, қатаң сақтау қажеттілігі жайлы ашық сабақтар, тренингтер, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, оқушыларға ой-салар стендтер, бейнероликтер көрсетілді. Одан бөлек, полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілердің міндеттері мен жауапкершілігін саралап, жолда жүру ережесіндегі қойылатын талаптарды тарқатып айтып өтті.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтардытыңдап, әрбір сұраққа нақты әрі толық жауаптар берді.Сондай-ақ, іс-шара барысында мектеп оқушыларынан құралған жол қозғалысының жас инспекторлары көлік жүргізушілеріне жол ережесі жазылған жаднама таратты.

«Ең алдымен отбасында ата-ана тәртіпке бағынуы керек. Олар дұрыс жүріп-тұрса, балада солардың ізін жалғастырады. Сондықтан, жол ережесін, бірінші кезекте ата-ана өзіңіз сақтаңыз. Көлік жүргізушілері де жол ережесін сақтап жүрсе, елімізде жол-көлік апаттары сәлде болса азаяды», - деп полиция қызметкерлері ойларымен бөлісті.

Сондықтан белгіленген тәртіпке сай өмір сүрейік. Көлікті тізгіндегенде, үйіңізде отбасыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз! Жылдамдықты асырмаңыз, мектептер мен балабақшалар орналасқан аймақтарда сақ болыңыз. Ал, оқушылар кез-келген жерден кесіп өтпей, жол ережесін сақтаңыздар. Жол бойында ойнамаңыздар дегіміз келеді.