ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте тәртібі қиын оқушылар абақтыға барды

0
1 060

Ауданда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте тәртібі қиын оқушылар абақтыға барды

Түркістан облысында оқушылар уақытша ұстау абақтысында болып қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бәйдібек АПБ бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ж.Мамыров Бәйдібек аудандық білім бөлімімен 2019-2020 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспарына сай білім беру мекемелеріндегі тәртібі қиын оқушылармен кездесті. Іс-шара барысында оқушыларды АПБ-нің уақытша ұстау абақтысына апарып, экскурсия жасатты. Уақытша ұстау абақтысының жұмысы мен мақсаты, тәртібі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Болашақта полицей болғысы келетін жастарға ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсуге шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жасады.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша білім беру мекемелеріндегі «Тәуекел» тобындағы оқушыларға құқықтық кеңестер берілді. Бұл іс-шараға Бәйдібек АПБ-нің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Н.Сарыпбековпен КПБ-нің жедел уәкілдеріде қатысты.Жиналыстың мақсаты - аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы мектеп оқушыларымен орта оқу орындарында орын алатын әлімжетікті, түрлі қақтығыс деректерін болдырмау болып табылады. Өткізілген шара арқылы балалар, қылмыскерлер ұсталатын абақтыны көріп, қылмыс жасаудың жат қылық екенін ұғынатынына сенеміз. Осындай тәрбиелік мәні зор, келелі кездесулер алдағы уақытта көптеп ұйымдастырылмақ.