Облыс тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты жол ережелерін сақтауға және жолда мұқият болуға шақырамыз.
фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Түркістан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқаруда. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Абайсызда жол шетіне шығып кеткен көліктерге көмектесуде.
Десе де көршілес облыстарда қалың қар жауып, трассаларда көліктердің қозғалу мүмкіншілігінің болмауына байланысты Шымкент бағытынан Тараз, Алматы бағытына қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлайды.
Облыс тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты жол ережелерін сақтауға және жолда мұқият болуға шақырамыз.


