ТҮРКІСТАН: Барлық үйлестіру орталықтары коронавируспен күреске дайын

0
725

Барлық ақпарат 24/7 форматында бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық базаға енгізіледі.


ТҮРКІСТАН: Барлық үйлестіру орталықтары коронавируспен күреске дайын

Түркістан облысының 16 үйлестіру орталығы covid-19 инфекциясымен күресуге дайын, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында коронавирус инфекциясымен күрес бағытында жұмыс жүргізетін үйлестіру орталықтары құрылды. Құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері мен аудандық ауруханалардың дәрігерлері кіреді. Үйлестіру орталықтарының қызметі облыс әкімдігі жанындағы ахуалды орталықпен бақыланады және барлық ақпарат 24/7 форматында бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық базаға енгізіледі.

Үйлестіру орталықтары ашылып, індеттің таралуының алдын-алу мақсатында жасақталған мобильді топтардың саны да арта түскен. Қазіргі таңда облыс көлемінде 120-ға жуық мониторингтік топ қызмет атқаруда. Мобильді топтардан келіп түсетін ақпаратты қабылдау және өңдеу үшін аудан, қалалардағы 16 үйлестіру орталығы облыс әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығына жолдайды.

Мәліметке сүйенсек, мамандар шілде айынан бері 42 233 нысанды аралап, карантиндік режим талаптары бұзылған 5 282 жағдайды анықтаған. Карантин талаптарын бұзған тұлғаларға қатысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 4 710 хаттама толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 244 700 130 теңгені құраған. Соңғы аптада 191 хаттама толтырылып, оның ішінде 185 жеке тұлғаға 30 айлық есеп көрсеткіші, 4 жеке кәсіпкерге және 2 лауазымды тұлғаға 230 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынды.