Түркістан облысының фотографтарына тәжірибелік сағаттар ұйымдастырылады.
Түркістанның тумасы туған жеріне тосын сый жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен Жастар ресурстық орталығында «Түркістан фото өнер орталығы» ашылды. Мұнда еліміздегі белгілі фотограф, «Фото өнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы жастарға дәрістер оқып, мамандықтың қыр – сырын үйретеді. Облыстағы фотографтарға тәжірибелік сағаттар ұйымдастырылады.
Орталық Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ тікелей жұмыс жасайды. Түрлі тақырыптарда фото экспедициялар ұйымдастырылып, өңірдегі туризмді дамыту ісін насихаттайды.
Түркістан қаласына көшіп келіп, арнайы фотостудия ашқан Асылхан Әбдірайымұлының жаңа бастамасы көпшілікті сүйсінтіп отыр.
Іс-шарадан соң, көпшілік «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция мүшелерінің түсірген суреттерін тамашалады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау мақсатында жеті күн бұрын жолға шыққан экспедиция мүшелерінің 40 жуық суреттері қойылды. Олардың ішінде Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындары, табиғаты тамаша мекендер мен халықтың тұрмыс тршілігі жайында суреттер бар.
Алдағы уақытта фотоклубта түрлі тақырыптарда дәстүрлі түрде көрмелер өткізу жоспарланып отыр.