ТҮРКІСТАН: Бір күнде 50 келестік жұмыспен қамтылды

0
1 787

Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші мекеме 70 бос жұмыс орындарын ұсынды.


ТҮРКІСТАН: Бір күнде 50 келестік жұмыспен қамтылды

Келес ауданында бір күнде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші мекеме 70 бос жұмыс орындарын ұсынды.


Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаевтың айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысымен ауданда квотамен 7 мүмкіндігі шектеулі және 9 пробация есебіндегі азаматтар жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы бекітілген жоспарға сәйкес, «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен төртінші рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілуде. Жалпы жәрмеңке барысында 50 азамат тұрақты жұмыстарға жолданды. Ұсынылған бос орындарға жолданған жұмыссыздар арасынан бір пробация есебінде тұратын азамат Келес аудандық ауруханасына тұрақты жұмысқа жолданып, жұмыспен қамтылды.


Айта кетейік, «Ұлттық жоба» шеңберінде жоспарға сәйкес Келес ауданынан 5810 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл соңына дейін 3120 азамат тұрақты жұмыспен қамту көзделген болса, 8 айдың қорытындысымен 1174 азамат қамтылған.