ТҮРКІСТАН: Бірнеше тұрғынды алдап 83 млн теңгеге шығынға батырған алаяқ ұсталды

0
1 127

Күдікті есекмияның тамырын сатып оның кәсібіне жақсы табыс кіргіземін алдаған.


ТҮРКІСТАН: Бірнеше тұрғынды алдап 83 млн теңгеге шығынға батырған алаяқ ұсталды

Мақтаарал полицейлері бірнеше адамды 83 миллион теңге көлемінде шығын батырған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күдікті Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарының сеніміне кіріп, көлемді ақшасын алып кеткен.. Жәбір көрушінің біреуі Шымкент қаласының тұрғыны 2019 жылдың басында алаяқтық жолмен есекмияның тамырын сатып оның кәсібіне жақсы табыс кіргіземін деген сылтаумен 30 миллион теңгесін алаяқтық жолмен алдап алған. Сонымен қатар, Мақтарал ауданында тұратын жәбір көрушінің бірінен осындай ұсыныспен 16,5 миллион теңгесін жымқырып, уәдесін орындамай кеткен. Аталған жайт Мақтарал аудандық полициясының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген, яғни Қ. Р.Қ.К. 190 «алаяқтық» бабы бойынша тіркелген.

Мақтарал аудандық полицейлері жедел іздестіру шараларының барысында жұмыссыз жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстаған. Тергеп-тексеру барысында қолға түскен күдіктінің алаяқтық 5 жәйтке қатыстылығы және жәбірленушіге 83 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі айқындалды.

Жәбірленушіге есекмия тамырын сатып жақсы табыс келтіремін деп алаяқ алдау жолымен көлемді ақшаны иеленіп сонан соң оны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Алаяқтық жәйті бойынша жасалған айыптау актсін сотқа дейінгі тергеу материалдарын полицейлер сотқа жолдады. Қазіргі таңда соттың шешімі бойынша 32 жасар азамат 6 жыл бостандығынан айырылу жазасына кесілді.