2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.
Жыл басынан бері Ясауи кесенесіне 460 мыңнан астам турист келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс орталығына келушілер қатары күн сайын артып келеді. Жыл басынан бері «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайына келуші зияратшылар мен туристердің саны 461 657 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.
Бүгінде шаһарда туристерге барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда туристер жайғасатын қонақ үйлер саны 56-ға жетсе, төсек-орын саны – 2 536-ға көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек. Ал облыс бойынша 225 орналастыру орындары оның ішінде қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерьлер және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Түркістан - Қазақстанның ТОП-10 туризмді дамытудың негізгі туристік дестинацияның қатарына қосылған болатын. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи және мәдени ескерткіш бар.