ТҮРКІСТАН: Дәрі-дәрмектің бағасы мен үлестірілуі қатаң бақылауда

0
931

Көп сұраныс түсіп жатқан дәрілердің тізімін жасақтаған.


ТҮРКІСТАН: Дәрі-дәрмектің бағасы мен үлестірілуі қатаң бақылауда

Мақтааралдағы дәрі-дәрмектің сатылу бағасы мен үлестірілуі қатаң бақылауға алынған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтарал ауданына дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс таратылуын, дәріханаларда белгіленген бағада сатылуын қадағалау мақсатында Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанынан арнайы кеңсе құрылған. Қазір "Мақтаарал - адалдық алаңы" кеңсесі тарапынан дәрілердің ауруханалар мен дәріханаларға үлестірілуіне, сондай-ақ дәріханаларда сатылу бағасына мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күні кеше Біріккен Араб Әмірлігі, Катар және Қытай елінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектердің аудандық "Мырзакент" ауруханасына жеткізілу барысына бақылау жасалды.Сондай-ақ, күнделікті аудандағы дәріханаларда дәрі-дәрмектерді шектік бағадан асырмау мақсатында "Мақтаарал - адалдық алаңы" кеңсесінің мүшелері дәріханалар мен дүкендерге рейдтік шараларды жүргізіп келеді.

Құрамына санитарлық қызмет мамандары қосылған топ Мырзакент пен Атакент кентіндегі дәріханаларда белгіленген кесте бойынша рейдтер жасады. Дәрілердің сатылу бағасы, егу бөлмелерінің санитарлық тазалығы, жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағаздары бақылауға алынған. Сондай-ақ, тауарға берілетін фискальды чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуын - кеңсе қатаң қадағалауда.

Айта кетейік, "Мақтаарал - адалдық алаңы" кеңсесі тарапынан кейбір кемшіліктері бойынша дәріханаларға ескертулер беріліп, кемшіліктерді жою талап етілген. Сонымен қатар, топ мүшелері дәріханаларда емделушілерге бірінші кезекте қажетті, көп сұраныс түсіп жатқан дәрілердің тізімін жасақтаған.