Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына қабылданды

0
2 646

Енді туристердің қызығушылығын одан да арттырмақ.


Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына қабылданды

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы әлем көз тіккен көк күмбезді Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арттырмақ. Күн сайын гүлденіп келе жатқан шаhардың Дүниежүзілік ұйымға мүше болуы - қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды. Жалпы, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын. Ұйым Дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес болып табылады және өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қалалармен байланысады. Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.

Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымы (ДМҚҰ) мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді.

Осы мақсатта, 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтпек. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылып жатыр.