ТҮРКІСТАН: Егістік жерлерді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 млрд. теңге бөлінді

0
1 031

1 млрд. теңгеге 21 жоба қаржыландырылды.


ТҮРКІСТАН: Егістік жерлерді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 млрд. теңге бөлінді

Түркістан облысында егістік жерлерді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 млрд. теңге бағытталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Кең Дала» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС арқылы 3 ай ішінде 27 717 га егістік алаңымен жалпы сомасы Осылайша, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бөлінген қаражат толық игерілді.

Жалпы, қаржыландыру Түркістан облысының 8 қаласы мен ауданына бағытталды. Қаражат бидай, жүгері, көкөніс, бақша, мақта және майлы дақылдарды өсіріп, дамытуға арналады. Айта кету керек, «Кең Дала» бағдарламасы көктемгі егін және жинау жұмыстарын жүргізу үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды қарастырады.

Тиісінше, ауылшаруашылығы саласының өндірушілері 2021 жылғы көктемгі егін және жинау жұмыстарына тиімді төмендетілген мөлшерлемемен (5%) несие ресімдеуге мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында кепілдікті қамтамасыз ету бойынша қатаң талаптар жоқ. Сондай-ақ шаруаларға жылдық маусымдылықты ескере отырып (15.11.2021 жылға дейінгі мерзімге), қарыздарды өтеу бойынша неғұрлым икемді шарттар беріледі.