ТҮРКІСТАН: Екі бірдей кісі өлтіру қылмысына қатысты күдіктілер ұсталды

0
680

Олардың біреуі әзірге қолға түскен жоқ.


ТҮРКІСТАН: Екі бірдей кісі өлтіру қылмысына қатысты күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында ауыр қылмысқа қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының полиция департаменті және Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері прокуратураның келісімімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Арыс қаласында орын алған ауыр қылмысқа күдікті деп танылған.


Қабылданған арнайы іс-шаралардың нәтижесінде тергеушілер Арыс қаласының тұрғыны болып саналатын үш күдіктіні анықтаған. Әзірге олардың екеуі ұсталыпты.


Бұл туралы телеграм желісіндегі prokadrykz парақшасы жариялады. Ал, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметімен әзірге хабарласу мүмкін болмай отыр.