ТҮРКІСТАН: Экобазарда ақтөбелік өнімдердің жәрмеңкесі өтті

0
843

Тауар нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылды.


ТҮРКІСТАН: Экобазарда ақтөбелік өнімдердің жәрмеңкесі өтті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихаты фракциясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының Экобазар кешенінде Ақтөбе облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан келген жиырмадан астам тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылды.


Ақтөбе өңірінен жалпы көлемі 15 тонна тауар әкелінген. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін күнбағыс майы, ет, балық, шұжық, жұмыртқа, бал, ұн, өсімдік майы, сүт және кондитерлік өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылды.


Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістанда Ақтөбе облысының мәдени күндері өтіп жатыр.