ТҮРКІСТАН: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 80 мыңнан астам жұмыспен қамтылды

0
583

14,4 млрд. теңге бағытталған.


ТҮРКІСТАН: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 80 мыңнан астам жұмыспен қамтылды

Түркістан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан 80 315 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


Облыс әкімінің айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан 80 315 адам жұмыспен қамтылып, 14,4 млрд. теңге бағытталған.


Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 34,5 млрд.теңгеге58 жоба іске асып, 1 872 жұмыс орны құрылған.