ТҮРКІСТАН: Енді тұрғындар да бюджет қаржысының игерілуін кез келген уақытта бақылай алады

0
859

Жоба картасы мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы да ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Енді тұрғындар да бюджет қаржысының игерілуін кез келген уақытта бақылай алады

Қазақстан өңірлерінде «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» Жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» Жобасы іске қосылды
Жобаның мақсаты - мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен тиімді жұмсалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігін, олар бойынша ұсыныстар мен арыз-шағым беру кезінде бюрократиялық кедергілердің алдын алып, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету.

Аталған жобаның басты ерекшелігі – ашық ақпаратты, мобильділікті және тұрақты түрде бақылау жасау мүмкіндігінің болуы. Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді.

Сондай-ақ, жоба картасы мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы да ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген тұрғын осы процесстерді тәулік бойы бақылап, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады.

Егер жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса немесе жол қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілмесе, азаматтар интерактивті карта сайтына кіріп (www.publicbudget.kz), қала картасынан нысанды тауып, тиісті пікір қалдыру қажет.

Сонымен қатар, картада жолдарды жөндеу және салу жөніндегі деректер ғана емес, мектептер, емханалар сияқты барлық әлеуметтік нысандарға бөлінген бюджеттік қаражат жөнінде толық мәліметтер көрсетілген. Бұл мектептерде іріктеуге қатысты сауалдар, емханада медициналық қызмет көрсетудің сапасы, көшелерге салынған жол сапасы және құрылыс нысандарының сапасы немесе мемлекеттік органға шағым болуы мүмкін.

Егер, арыз-шағым түссе тиісті мемлекеттік орган жауап береді, ал арыз-шағымдардың ішінде сыбайластық элементтері болған жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен назарға алынып, Заң аясында жұмыстар жүргізіледі.

Осылайша, азаматтардың облыста орналасқан әрбір мекемеге бөлінген қаражаттың игерілуіне қатысты толық ақпаратқа қол жеткізуге жағдай жасалған.