ТҮРКІСТАН: Қайтарымсыз грантпен кәсіп ашқандар көбейіп келеді

0
580

Кәсіпкерлердің алға қойған жоспарлары көп.


ТҮРКІСТАН: Қайтарымсыз грантпен кәсіп ашқандар көбейіп келеді

Түркістан облысында мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін ашқандар жыл сайын көбейіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Арыс қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз несие алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Мәселен, қала тұрғыны Азамат Әбіл өткен жылы «Бизнес-бастау» курсынан өтіп, сертификат иесі ретінде өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап шыққан. Тиянақты жасалған бизнес жобасына жас кәсіпкер 583400 теңге қайтарымсыз грант алып, жұмсақ жиһаздар мен кілемдерді тазалауға арналған роторлы машина, арнайы шаңсорғыш сияқты құрал-жабдықтар сатып алған.


Ұқыптылық пен асқан төзімділік, сыр алдырмас сабырды қажет ететін көлік және үй жиһаздарын тазалау ісіне бүгінде сұраныс көп. Ол тапсырыс берушілердің үйіне барып, жиһаз, кілемдерін химиялық тазалаумен айналысады. Жас кәсіпкердің айтуынша, тапсырыс берушілердің дені – қала тұрғындары мен мейрамхана, дәмхана иелері.


«Мемлекет тарапынан қолдау тауып, жаңаша кәсіп бастадым. Біз ұсынатын қызмет өте қолайлы. Себебі үй жиһаздарын тұрған жерінде химиялық тазалықтан өткізіп, арнайы аппаратпен кептіріп береміз. Бүгінгі таңда тапсырыстар күн сайын артып келеді. Осының барлығы адал еңбек пен үздіксіз ізденістің нәтижесіндегі жетістіктер. Сондықтан өзім секілді жастарға қай істе болсын табандылық таныту қажет дер едім»,– дейді жас кәсіпкер Азамат Рақымжанұлы.


Жас кәсіпкердің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта ол өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытқысы келетін айтады.