Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтуде.
Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды. Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген. Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаевтың айтуынша, бұл – өңірдегі тарихи оқиға.
«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтуде. Бір бүйрек облыстық клиникалық аруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жолданады. Бауыры Алматыға, бүйрек пен өкпесі Астана қаласына жіберіледі», дейді ол.