ТҮРКІСТАН: Қала әкімі «109 – бірыңғай байланыс орталығы» арқылы жеке қабылдау өткізді

0
709

Қала тұрғындары тарапынан жер, архитектура саласы бойынша сауалдар жиі қойылды.


ТҮРКІСТАН: Қала әкімі «109 – бірыңғай байланыс орталығы» арқылы жеке қабылдау өткізді

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «109 – бірыңғай байланыс орталығы» арқылы жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала тұрғындары шаһар басшысының жеке қабылдауына ертеректе жазылған болатын. 30-ға жуық азаматтың жеке байланыс нөмірлеріне хабарласқан Рашид Абатұлы карантин режимі салдарынан жүзбе-жүз кездесу мүмкіндігі болмағанын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады.

Қала тұрғындары тарапынан жер, архитектура саласы бойынша сауалдар жиі қойылды. Жер алу, жер кезегіне тұру мен кезек реттілігін білу, болашақ жобаны келісу мәселелері бойынша аталған бөлімдермен байланыс орнату қажеттілігі айтылды. Ал, жұмыссыз азаматтардың мәселесі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы жеке қаралып, назарға алынады. Рашид Абатұлы әлеуметтік көмек сұрай қабылдауға жазылған 29 азаматқа демеушілер тарапынан Рамазан айында азық-түлік пакеттері жөнелтілгенін де айтып өтті.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу Ғ. Мүсірепов көшесі, №17 ғимаратта орналасқан Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесі» арқылы жүзеге асады. Қала тұрғындары жазылу үшін жеке куәлікпен келулері қажет. Әңгімелесу кезінде жедел шешілетін мәселе болған жағдайда жауапты бөлімдерге тікелей жіберіледі.