ТҮРКІСТАН: Қала көшелерінде арық суы тоқтамай ағып тұрады

0
2 502

Бұл Түркістан қаласында жаздағы аптап ыстықтың алдын алу үшін жасалып отыр.


ТҮРКІСТАН: Қала көшелерінде арық суы тоқтамай ағып тұрады

Алдағы уақытта қаладағы қосымша 6 су ұңғымасы көше бойына егілген ағаштарды суғару үшін іске қосылады және арықшалар қалпына келтіріліп, су тоқтамай ағып тұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде қаладағы бірнеше көшеге қойылған арнайы қондырғылар арқылы су сарылдап ағып, көше бойындағы арықшалар арқылы ағып жатыр. Мұны көрген түркістандықтар таңданысы мен қуанышында шек жоқ.

Жалпы бүгінгі күні қаладағы кіші каналдар күрделі жөндеуден өтіп, қала ішіндегі арықшаларға су таратылуда. Сондай-ақ, «Арыс-Түркістан» магистралды каналынан босатылатын кіші каналдарда іске қосылды. Ол арқылы қалаға кіреберіс қақпаның төменгі жағындағы көшелер мен Саттарханов даңғылы бойындағы ағаштар суландырылуда және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты ботаникалық бақтағы ағаштарға су беріліп жатыр. «Түркі бағы» және «Қаракөз» қорымы маңындағы егілген ағаштарға осы арықтар арқылы су жеткізіліп отыр.


Қазыбек би көшесіндегі су ұңғымасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сағатына 25 м3 су тарататын насос қойылып, ирригациялық арықшалар арқылы көше бойындағы ағаштар суарылуда.

Сонымен қатар, жуық арада негізгі көшелердегі (С.Қожанов, Тәукехан, Б.Сатарханов даңғылдары) ирригациялық арықшалар қалпына келтіріліп, ағын су жүйесі іске қосылатын болады.
Ақпарат үшін айта кетсек, Түркістан қаласы бойынша 17 көшеде ұзындығы 70,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықшалар бар. Одан бөлек, ағымдағы жылы орталық аймақтың 47 көшесіне 54,1 шақырым арықшалар орнатылады деп жоспарланып отыр.