ТҮРКІСТАН: «Қаламқас» пластикалық драмалық қойылымының премьерасы өтті

0
365

Премьераны тамашалауға автордан бөлек, Батыс өңірінен арнайы делегация келіп, бағасын берді. Сонымен қатар жергілікті зиялы қауым өкілдері де қатысты.


ТҮРКІСТАН: «Қаламқас» пластикалық драмалық қойылымының премьерасы өтті

Түркістан музыкалық драма театрында ақын-драматург Оңайгүл Тұржанның «Қаламқас» пьесасын сахналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Басты кейіпкер –18-ші ғасырда өмір сүрген қазақтың батыр қызы Қаламқас Еселбайқызы. Премьера соңында театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімхан Мырзахан қойылым туралы кеңінен баяндап, келген көрермен алғысын білдірді. Сондай-ақ қазіргі таңда қызу талқыға түскен киік аулау мәселесі де қамтылғанын атап өтті.


Спектакльдің қоюшы-режиссері, белгілі хореграф, өнертанушы Константин Семеновтың бұл Түркістандағы екінші қойылымы. Бұған дейін ол сахналаған Ермек Аманшаевтың «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы елімізде ғана емес, шетелдерге танылып үлгерді. Режиссердің айтуынша жас театр ұжымымен жұмыс істеу мол тәжірибе сыйлайды. Бұл жолы драма, поэтика, музыка, анимация, пластика бір-бірімен үйлесім тауып, заманауи техниканың барлық мүмкіндігі пайдаланылылды дейді. Бұл – «Қаламқас» спектакліндегі ең басты ерекшелік.


Спектакль кейіпкерлерін толығымен Түркістан музыкалық драма театрының актерлері мен балет әртістері ойнады. Олардың қатарында Аида Серикова мен Айя Дәрібаева, Шерхан Саматұлы, Сакаи Мао, Мерей Құдайберген, Аида Жақсылықова, Гүлжанат Қаламғазина, Рүстем Шайхов, Асхат Тарих, Бекарыс Қарағұлов, Атабек Садырқұлов, Аслан Алиев бар. Сонымен қатар қойылымда балет труппасының үлесі зор.