Түркістан қаласы рухани орталықтармен толығады

0
130

Бұл нысандардың өңірдің руханияты мен туризм әлеуетіне оң әсер ететіні айтылды.


Түркістан қаласы рухани орталықтармен толығады

Түркістан қаласы рухани орталықтармен толығады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай бастаған ҚМДБ өкілдермен кездесті. Басқосуда өңірдегі рухани саладағы мәселелер талқыланды.


Кездесу барысында Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан рухани-тарихи нысандар сөз етілді. Бұл нысандардың өңірдің руханияты мен туризм әлеуетіне оң әсер ететіні айтылды.


– Түркістан рухани астана болғандықтан біздің қаламызға көңіл бөліп отырғандарыңызға алғыс айтамын. Руханият саласындағы бастамаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Еліміздің руханиятын дәріптеуде бірлесе жұмыс атқарайық, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Бөлісу