Түркістан қаласын табиғи газбен қамту деңгейі 85,9 пайызды құрады

0
568

7 қабатты 10 тұрғын үйде газ беру жұмыстары толық аяқталды.


Түркістан қаласын табиғи газбен қамту деңгейі 85,9 пайызды құрады

Түркістан облысын газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысын газдандыру жұмыстары қарқынды. Өңірде құрылысы аяқталған 300-ге жуық газбен қамтамасыз ету нысандарын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың бірқатары жыл соңына дейін пайдлануға беріледі. Соңғы мәлімет бойынша Түркістан қаласында толық табиғи газбен қамтылу деңгейі 85,9 пайызды құрады. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.


Атап өтсек, әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жаңа 7 қабатты 10 тұрғын үйде газ беру жұмыстары толық аяқталған. 7 қабатты 14 тұрғын үйдің жылу жүйесі пәтерішілік газ тұтынатын автономды газ қазандықтарымен жобаланған.