Түркістан қаласына жаңа автобустар әкелінді

0
923

Қоғамдық көліктің сыйымдылығы 25/56 жолаушыға лайықталған.


Түркістан қаласына жаңа автобустар әкелінді

Түркістандағы «Жолаушы» ЖШС 2023 жылдың 2 тоқсанында жаңа үлгідегі «ISUZU LE60» маркалы 10 дана автобуспен толықтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа көліктер қала көркі болумен қатар, жайлы қызмет пен озық мәдениеттің үлгісіне айналмақ. Қала халқын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етіп отырған «Жолаушы» ЖШС-нің көлік саны артты. «Жолаушы» ЖШС 2023 жылдың 2 тоқсанында жаңа үлгідегі «ISUZU LE60» маркалы 10 дана автобуспен толықтырылды. Қоғамдық көліктің сыйымдылығы 25/56 жолаушыға лайықталған. Ұзындығы — 8,5 метр, желдеткіш пен қоларбаға арналған пандус, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған.


Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 10 дана және қосымша «YUTONG» маркалы 16 дана автобус келеді деп күтілуде. Қолданыстағы қалаішілік әлеуметтік маңызы бар бағыттарын қайта жандандырып, автобус жүргізу жоспарлануда.