Түркістан қаласының аумағы ұлғаяды

0
755

Құжат 29 шілдеде күшіне енеді.


Түркістан қаласының аумағы ұлғаяды

Түркістан қаласының шекарасын кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданының жерін қосу есебінен Түркістан қаласының шекарасын кеңейту жоспарлануда. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды.


"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 2- тармақшасына сәйкес үкімет басшысы жаңа қаулыға қол қойды. "Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін", - делінген Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.


Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің мәліметінше, Түркістан қаласының шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 29 шілдеде күшіне енеді.