ТҮРКІСТАН: Карантин талабын бұзған жағдайлар бойынша арнайы байланыс орталығы құрылады

0
628

Коронавирус індеті таралуының алдын алу және болдырмау мақсатындағы жұмыстарын жандандырады.


ТҮРКІСТАН: Карантин талабын бұзған жағдайлар бойынша арнайы байланыс орталығы құрылады

Түркістан қаласы әкімдігінде карантин режимінің талабын бұзған жағдайлар бойынша арнайы байланыс нөмірі құрылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала тұрғындары ол нөмір бойынша фото немесе бейнежазба жолдап, мекен-жай қалдырып, індет таралуының алдын алуға көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін лездемелік мәжіліс барысында қала әкімі Рашид Аюпов мәлімдеп, мобильді топ мүшелерінің жұмысқа салғырт қарамау қажеттігін айтты.

Одан өзге, 6 мобильді топ қаладағы 5 мөлтек аудандағы қоғамдық және халық көп шоғырланатын орындардағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирус індеті таралуының алдын алу және болдырмау мақсатындағы жұмыстарын жандандырады.

Жалпы жыл басынан бүгінгі күнге дейін 2574 нысан араланып, 249 хаттама толтырылған. ҚР ӘҚБК 425 бабының 1 тармақшасы бойынша 253 айыппұл салынған. Оның ішінде 249-ы жеке тұлғаға, 3 жеке кәсіпкерге және бір лауазымды тұлғаға айыппұл салынған.

Құрметті қала тұрғындары!

Өзіңіздің және жақыныңыздың денсаулығы үшін қоғамдық орындарда карантин режимі талаптарын сақтап, арақашықтық пен медициналық бетперде тағуды сұраймыз.