«Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолы пайдалануға берілді

0
688

156 дана тиісті жол белгілері қойылып, ескірген жол таңбалары жаңартылған.


«Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолы пайдалануға берілді

«Түркістан-Қарнақ» бағытындағы автомобиль жолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Түркістан-Қарнақ» бағытындағы автомобиль жолы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев жаңа нысанды аралап көрді.


Аталған жол - облыс орталығы Түркістан қаласын Бірлік, Қарашық, Шыпан, Жүйнек, Шекербұлақ, Қарнақ елді мекендері арқылы Кентау қаласына жалғайды. Облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолының 21 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, автомобиль жолы бойында орналасқан 5 елді мекенге жалпы ұзындығы 13 шақырым жаңадан аяқжол салынды. Ал әлеуметтік нысандардың алдына (мектеп, балабақша, аурухана) жасанды жол кедергілері орнатылды. Сонымен қатар, 156 дана тиісті жол белгілері қойылып, ескірген жол таңбалары жаңартылған.


Алдағы уақытта Түркістан мен Кентау қалалары арасындағы көлік кептелісі азаймақ. Айта кетейік, автомобиль жолы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкендорстрой» ЖШС-і тарапынан жүргізілген.