ТҮРКІСТАН: Қаржы орталығы 78 жекеменшік мектепке қаражат аударды

0
78

Түркістан облысында 157 жекеменшік мектеп «e-Qazyna» порталында құжаттарын жүктеп, келісімшарт жасасты.


ТҮРКІСТАН: Қаржы орталығы 78 жекеменшік мектепке қаражат аударды

ERNUR.KZ. ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?


Жекеменшік мектептерге жүргізілген талдау нәтижесінде оқушыларды есепке алу мен қаржыландыруда сәйкессіздіктер анықталды.


ҰБДҚ-да (Ұлттық білім беру дерекқоры) мемлекет есебінен қаржыландырылатын мектепке тіркелген балалардың шын мәнінде басқа оқу орнында оқитыны белгілі болды.


Осы мәселені шешу мақсатында Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жаңа ақпараттық жүйе әзірледі.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №251 бұйрығы мен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жекеменшік мектептерді қаржыландыру бойынша пилоттық жоба енгізілуде.


Түркістан облысында 157 жекеменшік мектеп «e-Qazyna» порталында құжаттарын жүктеп, келісімшарт жасасты.


Қазір «BilimClass.kz» платформасы арқылы балалардың сабаққа қатысуы мен басқа мектепке ауысу деректері тексерілуде.


Мәліметтер толық тексерілген соң, қызмет көрсету актісі рәсімделіп, Қаржы орталығына жолданады.


Бүгінгі күнге дейін Қаржы орталығы 78 мектепке қаражат аударды.

Бөлісу