Талқыланған мәселер мен ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылатынын
Түркістан кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан кәсіпкерлер палатасының кезекті Сарапшылық кеңесі өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Кеңес отырысына кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Кабиштаев Орынбасар, Түркістан облысы прокуратурасының Сарапшылық Кеңесінің төрағасы Нұрғали Жомарт, Түркістан облысының ауылшаруашылық басқармасы, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС және арызданушы кәсіпкерлер қатысты.
Кеңес отырысында жер қойнауын пайдалану үшін келісім-шартты қалпына келтірудегі кедергілер туралы мәселе көтерілді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев аталған кедергіні қалпына келтіруді тапсырды.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Амирова Зухра баяндама жасады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ағын су, минералды тыңайтқыш және жеңілдетілген жағар-маймен қамтамасыз ету жағдайы, мемлекеттік сатып алу рәсімінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу деректері бойынша Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы Н.Боранбаев хабарлама жасады.
Қатысушылар тарапынан ұсыныс, пікірлер тыңдалды. Ал, кеңес тарапынан алдағы уақытта талқыланған мәселер мен ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылатыны айтылды.