Өсім бойынша өңір республикада 1-орынға шықты.
Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 144 мыңға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.
«Облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 144 мыңға жетті.Өндірілген өнім 1,6 есеге ұлғайып, 399,2 млрд. теңгені құрады. Өсім бойынша өңір республикада 1-орынға шықты», - деді Өмірзақ Естайұлы.
Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бүгінгі таңда 41,4 млрд. теңгеге 308 жоба мақұлданған. Жобалар саны бойынша да облыс республикада көш басында.