Жұмыспен қамту орталығына немесе Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалына барып, құжат тапсыруы керек.
"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасының екінші бағыты " Бастау бизнес" болып саналады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бойынша 70 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 35 азамат грант алып, өз кәсіптерін бастады. Оның ішінде: 6 азамат мал шаруашылығына; 3 азамат құс шаруашылығына; 4 азамат кондитер ісіне; 1 азамат компьютерліқ қызметке; 6 азамат тігін шеберханасына; сұлулық салоны 2 азамат; моникюр студиясына 1 азамат; кілем жуу қызметіне 1 азамат; көлік жуу қызметіне 1 азамат; көлік майын ауыстыру қызметіне 1 азамат; дәнекерлеу ісіне 2 азамат; жиһаз цехына 3 азамат; темір ұстаханасы, қолөнер, қолдан сабын жасау және балалардың тілін дамытуға арналған көрнекілік орталығын ашуға бір-бір адамнан грантқа ие болған.
«Бастау» жобасына қатысу үшін ниет білдіруші азамат жұмыспен қамту орталығына немесе Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалына барып, құжат тапсыруы керек.