ТҮРКІСТАН: «Кәсіподақтар қызметкерлері күні» қарсаңында жиын өтті

0
868

«10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні».


ТҮРКІСТАН: «Кәсіподақтар қызметкерлері күні» қарсаңында жиын өтті

Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлерін мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Бердіғали Өмірәлі мен Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «2 қазан – Халықаралық қарттар күні» және «10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні» қарсаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Жиын барысында зейнеткерлікке шықса да Кәсіподақпен етене араласып, мол тәжірибелерімен бөлісіп жүрген еңбек ардагерлері, сондай-ақ, ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, жиын барысында 170 кәсіподақ мүшесі бар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының бастауыш кәсіподақ төрағасы болып сайланған Мұхтар Шамғалұлы Күренбаев қызметкерлерге таныстырылды.

Айтып өту керек, бүгінде елімізде әрбір саланың өз кәсіподағы бар. Бұл әрбір жұмысшының құқығы қорғалып отыр дегенді білдіреді. Аталмыш ұйымдардың еңбек адамдарының құқығын қорғауда атқарып жатқан қызметі зор. Қарапайым жұмысшының қамын жеген қызметкерлер төл мереке қарсаңында бір марқайып қалды.