Жылыжай көлемі 175 гектарға жетіп отыр.
Қазығұрт ауданында 150 шаруақожалық бір жерден екі рет өнім алып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазығұрт ауданында облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, 1алқаптан жылына 2 рет өнім алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба негізінде аудандағы 11 ауыл округтегі 150 шаруақожалық былтыр 158,46 гектар жерге бірінші және екінші дақылдарын егіп, өнімдерін жинап алған. Диқандар бірінші өнімнен - 2 053 тонна өндірсе, екінші өнімнен - 1 525 тонна азық жинаған.
Сонымен қатар, ауданда өткен жылы жылыжай көлемі 11 гектарға ұлғайтылып, қазіргі таңда аудандағы жылыжай көлемі 175 гектарға жетіп отыр.