ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Ауылдағы бір күнім» сайысы өтіп жатыр

0
507

Байқауда қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Ауылдағы бір күнім» сайысы өтіп жатыр

Қазығұрт ауданында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды.


Шараға Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі.


“Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда осы сайыс ұйымдастырылуда”, – деді Ернар Бектаев.


Байқауда қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды.

Олар: I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату;

Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу.

II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс;

Қыздар: Құрт әзірлеу.

III кезең. Салт-дәстүр туралы сұрақтар бойынша командалық сайыс.


Аталған байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып жатыр.