Жаңа дәрігерлік амбулатория мен ФАП заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қазығұрт ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан аумағында тағы екі медициналық нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Жұмысшы елді мекенінде ФАП және Шанақ елді мекенінде заманауи талаптарға сай дәрігерлік амбулатория ашылды.
Медициналық нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық ардегрелер кеңесінің ардагері Аманбай Омаров, медицина саласының ардагері Кәрібай Досанбаев, мәслихат депутаттары, сала мамандары және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, олардың елді мекен халқы үшін маңыздылығын атап өтті. Ауыл тұрғындары аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендерде атқарылып жатқан игі бастамаларға ризашылықтарын білдірді.
Жаңа дәрігерлік амбулатория мен ФАП заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, биыл ауданда 3 ФАП, 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы толығымен аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді.


