ТҮРКІСТАН: Қазығұртта газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды

0
156

Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды

Қазығұрт ауданында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазығұрт» индустриялық аймағында «ЮКГУ» ЖШС-ң «Газобетон блогы» өндіріс орны ресми түрде іске қосылды. Жалпы инвестициялық құны – 273 миллион теңгені құрайтын өндіріс орны тәулігіне 200 текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.


Өндіріс орнының ашылу салтанатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дархан Ахмед-Заки мен аудан әкімі Азизхан Исмаилов сөз сөйлеп, жобаның өңір үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, өндіріс пен білімнің сабақтастығын нығайту, жас мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізу және кәсіпорынның әрі қарай кеңею мүмкіндіктерін атап өтті. Шара барысында қонақтар өндіріс цехтарын аралап, технологиялық өндіріспен танысты.

Бөлісу