ТҮРКІСТАН: Келес ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

0
87

Жалпы сенбілікке 2800-ге жуық адам жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Келес ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалық жұмыстары аудан орталығынан бастап барлық ауылдық округтерді қамтыды.

Сенбілік жұмыстары кезінде Абай ауылындағы «Б.Ермеков» саябағы тазартылып, ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяны әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасы «Жеңіс» саябағында жалғасты.

Игі шараға аудан әкімі де атсалысты. Жалпы сенбілікке 2800-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында аудандық бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар бар. Ұйымшылдықпен өткен шара барысында 70-тен астам ішкі көшелер тазаланып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сенбілік тек аудан орталығында ғана емес, барлық елді мекендерде қатар ұйымдастырылып, әрбір ауыл өз аумағын тазалап, көркейту жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.

Бөлісу