ТҮРКІСТАН: Келес ауданында мыңнан астам ота жасалған

0
757

Портал арқылы жоспарлы түрде және ақылы түрде ота жасатуға мүмкіндік бар.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында мыңнан астам ота жасалған

Келес ауданының орталық ауруханасында мыңнан аса ота жасалған , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының «Абай» аудандық ауруханасында өткен жылы 1 099 ота түрі жасалған. Олардың арасында лапароскопиялық жолмен, халық арасында «лазермен» деген атқа ие отаның түрі де бар. Бұл отаның ерекшелігі отадан кейінгі қалпына келу кезеңінің едәуір қысқа болуы, яғни науқас 3-4 күнде үйіне шығарылады.


Аурухананың хирургия және жарақат бөлімшесінде портал арқылы жоспарлы түрде және ақылы түрде ота жасатуға мүмкіндік бар. Отаның жеңіл түрлері күндізгі стационар арқылы жасалынады. Науқас кезекке тұрмай барлық тексеруді ауруханада өтуіне мүмкіндік жасалған. Қызметкерлер оған көмек көрсетеді. Тексеруден өту аурухана лабораториясынан қамтамасыз етілген. Аурухананың хирургия бөлімінде жоғары санатты дәрігер хирургтар қызмет етеді.


Айта кетейік, «Абай» Келес аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде биыл жыл басынан холецистэктомия отасы жалпы 24 науқасқа жасалған. Оның ішінде 22 науқасқа эндовидеолапороскопиялық холецистэктомия отасы жасалған.