ТҮРКІСТАН: Келес ауданының орталығы толықтай газбен қамтылады

0
721

Ауызсу мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданының орталығы толықтай газбен қамтылады

Келес ауданының орталығындағы мәселелер шешімін тауып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып жатыр. Осы орайда ауыл әкімі мен әкімдік мамандары ауыл ішін аралап, тұрғындармен кездесу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде тұрғындар тарапынан ауыз суды үзідіксіз беру, табиғи газбен қамту жөнінде ұсыныстар жиі түскен. Сонымен қатар, учаскелік жер телімі жайлы да сұрақтар қойылған. Көтерілген мәселелерді шешу жолында бірнеше жоспарлар түзіліп, бүгінде жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Абай ауылының әкімі Ерғали Абдирахманов бүгінгі өткен тікелей эфир барысында баяндады.


Атап айтқанда ауыл тұрғындарына тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшiн учаскелік жер мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Аталған мәселенің шешімін табу мақсатында Абай ауылының аумағы кеңейтіліп, 96 га жерге электр қуатын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарлы жұмыстары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына дейін аяқталып, жыл соңына дейін кезектегі азаматтарға учаскелік жер беру жұмыстары жоспарланған.


Инфрақұрылым жұмыстарына кеңінен тоқталсақ, Абай ауылында өзекті мәселелердің бірі болып келген табиғи газбен қамтылмаған «Оңтүстік», «Шығыс», «Автостанция» және «Құрылыс» мөлтек аудандарына биылғы жылға газ құбырлары жүйесін тарту үшін бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Vrgroup» ЖШС тарапынан жоғарыда аталған мөлтек аудандарға табиғи газ құбырлары тартылды. Бүгінгі таңға дейін ауыл бойынша ауыл тұрғындарының табиғи газбен қамтылу деңгейі 91 пайыз болған болатын. 2022 жылы Абай ауылы тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамтылуы жоспарланып отыр.


Ал, жаз мезгілінде орын алатын ауыз су мәселесі бойынша Абай ауылынан «Абай ТСЖ» насос станциясы орталықтандырылған ұңғыма қазу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған жоба іске асса ауыл тұрғындары 24 сағат бойы үздіксіз таза ауыз сумен қамтылатын болады.